Түркі әлемінің археологтары бірлесіп зерттеу жүргізуге мүдделі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркі әлемінің археологтары бірлесіп зерттеу жүргізуге мүдделі

20.09.2024
0:00:00
0:00:00

Түркітілдес елдердің археологтары көне тарихымызға қатысты қазбаларды бірлесе жүргізуге мүдделі. Бүгінде Түркі академиясының мұрындық болуымен «Түркі әлемінің қасиетті географиясы» атты жоба жүзеге асуда. Әзербайжанның Шуша қаласында жиналған Түркі әлемінің археологиялық ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарының мамандары алдағы жоспарларды пысықтап, жұмыс барысын талқылады. Негізгі мақсат түркі халықтарының діни наным-сенімін, тарихы мен мәдени ерекшеліктерін айшықтайтын маңызды археологиялық ескерткіштерді анықтау. Басқосуда түркі елдері ғалымдарының тәжірибесін бір арнаға тоғыстырып, археологиялық экспедициялар мен зерттеулер жүргізу мүмкіндіктері талқыланды. Соңғы жылдары түркі ғалымдары бірлесе жүргізген қазбалардың нәтижесінде Моңғолияның Архангай өңірінде Көктүрік дәуіріне жататын мемориалдық кешен табылған еді.

Шахин Мұстафаев, Түркі академиясының президенті:

Былтыр Түркі академиясы археология бағытында бір платформа құрған болатын. Оның негізгі мақсаты - түркі елдеріндегі тиісті ғылыми орталықтар, зерттеу институттары мен жекелеген археологтар арасында байланысты нығайту. Осы арқылы болашақта жемісті жұмыс істеу. Бүгінгі жиынға қатысып отырған сегіз елдің өкілдері қауымдастықтың негізгі бағыттарын анықтап, бірлесе жұмыс істеу тетіктерін бекіттік.

Айдос Әшімұлы


Хабарламаларға жазылу