Еліміздегі ең ұзын көпірдің құрылысы аяқталуға жақын
Осыдан тура 5 жыл бұрын 19 қыркүйек күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігіне Twitter арқылы Бұқтырма су қоймасына көпір салу үшін қаржы бөлуді тапсырған болатын. Қазіргі уақытта көпір құрылысы аяқталуға жақын. Президенттің кеңесшісі, баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында осылай деп жазды. Екі бірдей облыстың, 6 ауданның арасын жалғайтын стратегиялық нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Бұл – еліміздегі ең ұзын көпір болмақ. Екі жолақты автомобиль көпірінің жалпы ұзындығы 1 316 метр. Тәулігіне 80 мың көлікке дейін өткізе алады. Сонымен қатар жоба аясында ұзындығы 18,6 шақырым болатын көпірге қосылатын жаңа автожол құрылысы қарастырылған.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы орта бизнестің үлесін 20 пайызға жеткізуді ұсынды
05.10.2026, 20:37
Қайтарылған активтер есебінен салынған жаңа стадион іске қосылды
05.10.2026, 20:22
Жаңа технология – ғылымға серпін
05.10.2026, 20:21
Кітап оқып, 10 миллион теңгеге ие бол!
05.10.2026, 20:21
Кітап – алтын қазына
05.10.2026, 20:20
Ұстаз – ұлт болашағының шамшырағы
05.10.2026, 20:18
Ұлағатты ұстаздар марапатталды
05.10.2026, 20:17
Трактор тізгіндеген кейуана ауылдастарына қолғабыс етіп жүр
05.10.2026, 20:16