Ресей демографиялық дағдарысқа ұшырады. Бала туу көрсеткіші 6%-ға, яғни 98,6 мың балаға дейін төмендеді. Соңғы рет мұндай төмен көрсеткіш 1999 жылы тіркелген дейді мамандар.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Ресейде небәрі 599 мың бала дүниеге келген. Бұл 2023 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 16 мыңға аз.
Алексей Рашка, демограф:
Бүгінгі күні демографиялық аухалды жақсарту үшін мемлекет тарапынан көптеген шаралар қолға алынды. Тіпті жалпы ішкі өнімнің 2 пайыздан астамы осыған жұмсалады. Дегенмен нәтиже болмай тұр.
Мамандар бала туу көрсеткішін жақсарту үшін отбасыларға материалдық қолдауды көбейту керек деп есептейді. Ресейдің әлеуметтік қоры жасаған болжамға сәйкес елдегі демографиялық ахуал келесі жылы да нашарлауы мүмкінн. Кері көрсеткіш тіпті 2026 жылға дейін жалғасады деген болжам бар.
Алеся Львова, репродуктолог:
Өлім-жітім көп, бала туу көрсеткіші аз, оған ажырасудың көбейгінен қосыңыз. Мәселен 2023 жылы үйленген 1000 жұптың 900-і ажырасқан. Биылғы көрсеткіш те көңіл көншітпейді, 103 жұптың 100-і ажырасқан.
Сонымен қатар 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында халық саны 321 мыңға қысқарған. Жыл соңына дейін тұрғын саны 550 мыңға азаюы мүмкін. Сондықтан мамандар демографиялық аухалды жақсарту үшін арнайы бағдарлама керек дейді.
Индира Бегайдар