Үндістан, Қытай, Ресей айға АЭС салмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістан, Қытай, Ресей айға АЭС салмақ

19.09.2024

Үндістан, Қытай мен Ресей үшеуі Айға атом электр станциясын салмақ. Бұл туралы мақала Үндістанның The Economic Times газетінің сайтында жарияланды. Құрылыстың негізгі кезеңі 2035-2045 жылдар аралығына жоспарланған. Бірлескен жоба арқылы Айда болашақта салынатын базаның жұмысына қажет жарты мегаватт қуат өндіру көзделген. Электр станциясы толықтай автоматты режимде жұмыс істемек. АЭС тұрғызу бастамасы Айды маңызды ғылыми және энергетикалық тәжірибелер алаңына айналдыруға мүмкіндік береді. Мақалада ядролық энергетиканың Айды зерттеудегі маңызы былай деп көрсетілген: «Ядролық энергетика Айды зерттеуге қажет үздіксіз қуат көзімен сенімді түрде қамтамасыз ете алуымен маңызды. Күн энергиясына қарағанда, ядролық реакторлар тұрақты қуат көзін өндіреді. НАСА да Айдағы болашақ базалары үшін ядролық реакторларды зерттеп жатыр». 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу