Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында карантин енгізілді
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы шаруа қожалық иелерінің ірі қара малы қауіпті дерт жұқтырды. Бүгінде 14 басы жойылды. Індет ошағына карантиндік шаралар енгізілді. Енді ол жерден малдың өнімі мен етін шығаруға тыйым салынады. Қарасан – тек ірі қара малға топырақ арқылы жұғатын бұлшық ет ауруы. Қауіпті індетті алғаш анықтаған шаруа иесі бірден мал дәрігеріне хабар бермегені үшін, әкімшілік жазаға тартылды. Карантин 14 күнге жалғасады.
Ержан Бекетбаев, ҚР АШМ ветеринариялық бақылау комитеті облыстық инспекциясының жетекшісі:
Ауруға қарсы іс-шараларды республикалық отряд жүргізеді. Шаруа қожалықта дезинфекциялық жұмыстар жүреді. Ауруға тән мал жасына байланысты екпелер жасалады. Бүгінде өлім тоқтады деп айтса болады.
Жандос Бақытұлы
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18
Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
26.09.2026, 12:53
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24