Сенат төрағасы референдумның маңызын түсіндірді
Бүгін Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері Алматыға барды. Онда ғалымдар, оқытушылар және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен кездесті. АЭС салуға қатысты референдум аясындағы мәселелер талқыланды.
Мәселен, Еуропалық Одақ елдерінде 2026 жылдан бастап көміртегі салығы енгізіледі. Басқа мемлекеттерден тауарлар импорттаған кезде көмірқышқыл газы үшін қосымша алымдар алынады. Бұл біздің экспорттаушылар үшін қиындықтар туғызатыны анық. «Сондықтан экономикамызда көміртегі қалдығын азайтып, 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуіміз қажет», - деді сенат төрағасы.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Президентіміз осы мәселені қоғамның талқылауына салғанын білесіздер. 1 жылдың ішінде көптеген дөңгелек үстелдер, жиындар өтіп, елімізге не береді деген мәселелер жан-жақты қаралды. 6 қазанда елімізде үлкен референдум болады. Сол жерде халқымыз нақты шешімді қабылдайды. Халық қалай шешеді, солай болатыны сөзсіз.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматы облысында өрт сөндіру бөлімі ашылды
22.06.2026, 17:17
Автожолдар бойына 250 сервис кешені салынады
22.06.2026, 17:15
Орман мен жануарларды қорғауға арналған заңға қол қойылды
22.06.2026, 17:12
Қазақстан Ауғанстанға 319 тонна гуманитарлық көмек жіберді
22.06.2026, 17:10
Еуропадағы бірнеше ел аптап ыстықтан зардап шегуде
22.06.2026, 17:07
Осы аптада күн ысиды
22.06.2026, 17:05
Атырауда екі жолаушы автобусы соқтығысты
22.06.2026, 17:03
Ақтөбе облысында жүзден аса адам тамақтан уланды
22.06.2026, 17:00