Зайсан көліне сирек кездесетін шабақтар жіберілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зайсан көліне сирек кездесетін шабақтар жіберілді

18.09.2024

Шығыстағы өзен-көлдерге сирек кездесетін балықтардың шабағы жіберіліп жатыр. Ихтиолог-ғалымдардың көп жылғы еңбегінің нәтижесімен шабақтар су тоғандарында өсірілді. Негізгі мақсат - аймақтағы су айдындарында бұрын-соңды болмаған балықтың түрлерін көбейту.

Біз қазір аналығы мен аталығын анықтап жатырмыз. Мынау міне аналық балық.

Аналық балықтан ерте көктемде биологиялық жолмен алынған уылдырық зауыттағы арнайы акваруимда дернәсілге айналады. Шабақ болып тоық жетілгенге дейін тоғандарда өсіреледі. Шолпылдап жатқан мына шабақтарға үш ай болған.

2017-жылы қайта жаңғырған зауыт қазір сазан, шортан, тұқы балықтарын және шаян да өсіреді. Ал былтырдан бері сібір бекіресі мен ақ амурды да өзен-көлдерге көптеп жіберіп жатыр.

Өтепбай Рүстемов, Тұғыл ауылының тұрғыны:

Балықты аулауы да бар, қайтадан көлге жіберуі де бар. Қанша балық ауласақ, сонша балықты қайтадан көлге құйып жатырмыз.Сондықтан балық көбейе береді.

Көбейгенін көзбен көру үшін мамандар жыл он екі ай өзен жағасында. Нәтижесінде соңғы 4 жылда 5 мың тонна шабақ жіберілді.

Фархат Байбазаров, облысаралық балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары:

Қазіргі таңда балық өсіру индикаторы өсіп келе жатыр. Бізге Шығыс Қазақстан бойынша 10 мың тонна балық өсіру жоспары қойылған. Қазіргі таңда сол индикаторды орындап келе жатырмыз.

Әртүрлі балықтың шабағы Бұқтырма су қоймасы мен Зайсан көліне күз бен көктемде жіберіледі және балық шаруашылығымен шұғылданатын жеке кәсіпкерлерге де көмек беріледі.

Сымбат Әнуарбеков, уылдырық өсіру шаруашылығының директоры:

Енді қазіргі кезде біздің қуаттылығымыз 5 миллионнан жоғары. Ары қарай қуатттылығымызды 13 миллионға дейін балық шабақтарын өсіруге болады. Қазіргі күні міне Зайсан көліне ақ амур балығын жеберіп жатырмыз. 163 мыңнан жоғары.

Ақ амур санитарлық балық саналады. Сондықтан Зайсан көлінің фаунасы мен биоалуандығы сақталса ғана балықтың түрі көбейетінін сала мамандары жақсы біледі.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу