Азаптауға қарсы жаңа заң қабылдануы мүмкін. Қазір жаңа құжаттың жобасына енетін ұсыныстар пысықталып жатыр. Себебі «Қолданыстағы заңның олқылығы көп», - дейді мамандар. Осыған орай, «Қазақстанда азаптаудың алдын алу тетігін жетілдіру» бойынша басқосу өтті. Шараға Адам құқықтары жөніндегі комиссия өкілдері, сенат депутаттары, үкіметтік емес ұйым мүшелері, тәуелсіз сарапшылар мен мемлекеттік мекеме өкілдері қатысты. Жобада адам құқықтары бұзылуы мүмкін мекемелерді тексеру құзіретін кеңейту қарастырылған. Нақты кімдердің тексеру жүргізуге құқығы бар, олар қай уақытта, қандай жағдайда өкілеттілігін пайдалана алатыны анық көрсетіледі.
Тастемір Әбішев, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары:
Азаптаудың алдын-алуға байланысты біздің үкіметтік емес ұйымдар халықаралық ұйымдармен бірлесіп, заң жобасын әзірлеген. Онда Қазақстандағы азаптауға қарсы құқықтық тетігін қалай жетілдіруге болады деген өздерінің арнайы заң жобасын жасап отыр.
Жанар Нұрмұханова, Құқық қорғау орталығы директорының орынбасары:
Алдын-ала ескертпей, принцип внезапности дейді ғой, яғни, ескертпей келіп, сол барған мекеменің жағдайын оперативно көруміз керек. Не болып жатыр ол жерде. Ол халықаралық азаптауға қарсы конвенцияның аясында жасалған тетігі.
Самал Қабышева