Ресейде коронавирус жұқтырғандар 30 пайызға артты
Ресейде бір аптада коронавирус жұқтырғандардың саны 30 пайызға артты. Жеті күнде 32 мыңнан астам адамнан індет анықталған.
Индира Бегайдар, тілші:
Ресейдің 73 өңірінде індет дес бермей тұр. Мамандардың айтуынша, елде FLIRT деп аталатын коронавирустың мутацияға ұшыраған түрлері кең тарауда. Ал «Бұл вирустар өте жұқпалы», - дейді. Жаңа штамдардың басты белгілері – әлсіздік, жөтел, тамақ пен бұлшық ет ауруы, иіс сезбеу.
Геннадий Онищенко, дәрігер:
KP.3 және LB.1 вирустарына қарсы ағзада иммунитет қалыптаспаған. Сондықтан жұқтыру көрсеткіші жоғары. Алайда осыған дейін екпе алғандар бұл ауруды жеңіл өткізеді.
Бүгінгі күні Ресейде коронавирусқа қарсы оннан астам вакцина шығарылған. Сонымен қатар тұмауға қарсы вакцинациялау қарқынды жүргізілуде. Соңғы уақытта 12 миллионнан астам адам екпе алған. Әзірге елде карантин жариялау жоспарда жоқ, Бірақ дәрігерлер кеңес берсе, вакцинациялау кей жағдайларда міндеттелуі мүмкін дейді мамандар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07
Көк базардағы құрылыс 2028 жылға дейін жалғасады
22.09.2026, 10:06
Ресейде көші-қон талаптары күшейді
22.09.2026, 10:05
Түркияда шетелдіктерге заңсыз азаматтық алуға көмектескен топ ұсталды
22.09.2026, 10:05
Егінге бөлінген 300 миллион теңге қолды болған
22.09.2026, 10:05
Жапонияда 2 миллионға жуық адам эвакуацияланады
22.09.2026, 10:04
Үкіметте жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту шаралары талқыланып жатыр
22.09.2026, 10:03
Бірнеше медиа ұйым Трамп әкімшілігіне қарсы сотқа шағым түсірмек
22.09.2026, 10:02