АЭС - энергия өндірудегі ең тиімді тәсіл
Атом электр станциясы энергия өндіру бойынша ең тиімді тәсіл. Оның экономикалық өсімге әсері ғана емес, экологиялық қауіпсіздігі ғылыми дәлелденген. Сала мамандары осылай деп отыр. Қазақстанда энергия тұтыну көлемі жыл сайын 3-3,5 пайызға өсіп жатыр. Заманауи станция саламыз десек, елде маман да, шикізат та жеткілікті.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Атом электр станциясы — атом ядросының энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғы. Ядролық отынға уран, плутоний, торий изотоптары пайдаланылады. Бұл - көмір, мұнай, газдан бірнеше млн есе артық, энергияны тиімді пайдалану. Қазақстан әлемде уран қоры бойынша екінші орында. Соған қарамастан елдегі электр қуатының 66 пайызын көмір станциялары өндіреді. 22 пайызы газ болса, қалғаны гидростанция мен жаңартылған энергия көздерінен алынады. Ал әлем бойынша 31 елде 450-ге жуық реактор жұмыс істеп тұр. Көш басында АҚШ (92), Франция (56), Қытай (57), Жапония (33) Үндістан (22), елдері тұр. Тағы 18 елде жалпы қуаттылығы 57,6 ГВт болатын 56 реактордың құрылысы жүргізіліп жатыр. Беларусь, БАӘ, Бангладеш және Түркияда АЭС алғаш рет салынуда.
1. АЭС табиғатқа залал келтірмейді. Алдын ала есептеу бойынша, Атом электр станциясы жылына орта есеппен 8 млн тонна көмірқышқыл газының жалпы көлемін азайтуға мүмкіндік береді.АЭС салу2. Жалпы ішкі өнімнің өсуіне,3. Елдің экономикасының дамуына,4. Энергетикалық өндірісті әртараптандыруға,5. Жаңа жұмыс орындары мен жаңа мамандықтардың пайда болуына жол ашады.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алакөл туристік маусымға дайын ба?
03.05.2026, 20:08
Құрылыс сапасын ЖИ көмегімен бақылауға болады
03.05.2026, 20:06
«Тарихи оқиға»: Байқоңыр ғарыш айлағынан «Сұңқар» ракета тасығышы орбитаға алғаш рет ұшырылды
03.05.2026, 20:05
Жеке сот орындаушыларына қойылатын талап күшейді
03.05.2026, 19:58
Диплом бар, жұмыс жоқ: Еңбек нарығына кадр даярлау қашан реттеледі?
03.05.2026, 19:57
Президент: Біздің тарихымыз, бүгініміз және болашағымыз – бір
03.05.2026, 19:53
Алматыда әлемдік сарапшы Кай-Фу Ли «AI Class» авторлық курсын өткізді
03.05.2026, 16:50
Туған үш ағайынды бір әскери бөлімде борышын өтеуде
02.05.2026, 20:08