Шымкент іргесіндегі өндірістік қалдық өңделетін болды
Ұзақ жылдар бойы экологиялық проблема тудырып келген Шымкент қорғасын зауытының миллиондаған тонна қалдығы жиналған орын енді тазаланып, индустриалды аймаққа айналатын болды. Инвестициялық жобаларға сәйкес өндірістік аумақта үйіліп қалған күлден күміс, темір, мыс өндірілмек. Мұнда қазір алғашқы кен байту комбинаты іске қосылды. Жоба бойынша, алдымен жылына 500 мың тонна қалдық қайта өңделеді. Өндірілген өнім экспортталады. Шымкенттің шеткі аумағында жетпіс жыл бойы жинақталған өндіріс қалдықтары 2 миллион тоннаға жуықтайды. Жобаның инвестициялық құны 19 миллион доллар.
Абзал Меңілбеков, инвестор:
Жыл соңында терең өңдеу арқылы мырыш өндіретін екінші зауыт іске қосылады. Сол арқылы біз ол аумақты қалдықтардан тазартамыз. Содан кейін осы аумақта шағын және орта бизнес үшін тиімді жеке индустриялық аймақ құруды жоспарлап отырмыз.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04