Мәулен Әшімбаев АЭС салудың басымдықтары туралы айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәулен Әшімбаев АЭС салудың басымдықтары туралы айтты

17.09.2024

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі халықтық штабтың мүшелері Алматы облысына барды. Құрамында депутаттар, сарапшылар мен қоғам қайраткерлері бар штаб өкілдері, өңірде кәсіпорын ұжымдарымен, кәсіпкерлермен және жергілікті халықпен кездесіп, Қазақстанда АЭС салуға қатысты референдум өткізу мәселелерін талқылады. Алдағы референдум халық үніне құлақ асатын мемлекет ретінде Қазақстан азаматтарына еркін шешім қабылдауына мүмкіндік береді. Сондықтан ел болашағы үшін дұрыс таңдау жасауға шақырған Сенат төрағасы бірқатар нысанды аралап, жұмысшылармен пікір алмасты. Жылыжай кешенінің жұмысымен танысып, Қапшағай су электр станциясына ат басын тіреді. Энергетика саласын дамыту бойынша мәселелерге тоқталды.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Электр энергиясымен қамтамасыз етудің біз жан-жақты саясатын жүргізіп жатырмыз. Бұл жерде ең басты мәселе біз кешенді түрде жұмыс істеуіміз керек. Солай біз жалпы Қазақстанымыздың дамуына жаңа мүмкіндіктер ашамыз. Сондықтан үлкен жобаны  Президентіміз халықтың талқылауына арнайы шығарып отыр. Бұл халық үнінен құлақ асатын мемлекет саясатының бір айқын көрінісі деп ауыз толтырып айта аламыз. 

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу