Қызылорда облысында диқандар түн ортасына дейін егін алқаптарын орып жатыр
Қызылорда облысында күріштік алқаптарда жиын-терім науқаны қызу жүріп жатыр. Бүгінде шаруалар піскен дақылды қара күзге қалдырмау үшін күн-түн демей егінге орақ салуда. Дәл қазір өңірдегі тілшіміз Әділбек Серікұлы қырмандағы қауырт тірліктің басынан тікелей эфирге қосылуға әзір.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Иә, биыл өңірде күздің салқыны ерте сезіліп жатыр. Бірақ диқандар үшін ең бастысы жауын-шашын жоқ. Сондықтан шаруалар үшін қазір әр күн, әр уақыт маңызды. Біз қазір Жаңа жол ауылының қырманында тұрмыз. Мұнда шаруашылық жұмысшылары үш ауысыммен тынбай еңбек етіп жатыр. Жалпы ауыл шаруалары биыл үш мың гектарға күріш өсірді.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Жалпы облыста 86 мың гектардан аса күріштік алқаптың, күзгі науқан басталғалы 30 мыңдайы орылды. Биыл аймақта гектарынан 85-90 центнер аралығында рекордтық өнім алып жатқан шаруашылықтар да бар. Сыр диқандары егінді жинау жұмыстарын күн-түн демей жүргізіп, дақылды қазан айына дейін қамбаға құюды межелеп отыр.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Экологиялық әдеттер бала кезден басталады
04.03.2026, 20:56
«Қазгидромет»: 5 өңірде тасқын қаупі жоғары
04.03.2026, 20:24
Референдум: Ашықтық пен заңдылық – басты назарда
04.03.2026, 20:22
Алимент шет елде жүрген борышкерлерден де өндіріледі
04.03.2026, 20:21
Геосаяси жағдай Қазақстан-Иран саудасына әсер етуі мүмкін
04.03.2026, 20:16
Көшбасшы әйелдер жаңа Конституция жобасын қолдады
04.03.2026, 20:15
Сенат төрағасы БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісімен кездесті
04.03.2026, 20:14
Телекөпір арқылы жаңа Конституция жобасы талқыланды
04.03.2026, 20:13