Ескі көліктерге салынатын салық мөлшері төмендетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ескі көліктерге салынатын салық мөлшері төмендетіледі

17.09.2024

Елімізде ескі көліктерге салынатын салық мөлшері төмендетіледі. Бұл туралы бүгін Мәжілісте жаңа Салық кодексінің жобасын таныстыру барысында баяндалды. Қолданыста жүргеніне 10 жылдан асқан автомобильдер үшін салық сомасы 30 пайызға, 20 жылдан асқандары үшін 50 пайызға төмендемек.

Ержан Біржанов, ҚР Қаржы министрінің орынбасары:

Жүздеген мың ескі транспорттар бар. 10-20 жыл болған. Мысалы, ескі үйдің бағасы арзан. Сол сияқты біз ескі көліктің бағасына қарай салық алатын боламыз. Көбі сынып тұр. Тіркеуден алынбаған. Жыл сайын ақшасы келіп тұрса қиын.

Бұдан бөлек елімізде банк секторы мен ойын бизнесіне жоғары корпоративтік табыс салығы енгізілмек. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин айтты. Зерттеу нәтижелері бойынша корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесін саралау ұсынылады. 20 пайыз базалық мөлшерлеме сақталады. Банк секторы мен ойын бизнесі үшін 25 пайыз жоғары мөлшерлеме белгіленеді. «Сән-салтанат» салығы енгізіледі. Енді жиынтық құны 450 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік объектілері бойынша мүлік салығының жоғары мөлшерлемесі, кедендік құны 75 млн теңгеден асатын жеңіл автомобильдерге акцизбен қосымша салық салу қарастырылған.

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу