«Орталық Азия –Германия» қатынастарының жаңа кезеңі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Орталық Азия –Германия» қатынастарының жаңа кезеңі басталды

17.09.2024

«Орталық Азия – Германия» форматындағы көпжақты ынтымақтастық тарихында жаңа кезең басталады. Бүгін Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Германия Федералдық канцлерінің кездесуінде, Мемлекет басшысы осылай деді. Қасым-Жомарт Тоқаев, елдер арасындағы ынтымақты арттырудың жеті басым бағытын айқындап берді. Оның ішінде, экономикалық, энергетикалық, көлік логистика, ғылым-білім салаларындағы әріптестікті дамыту тетіктері дәйекті көрсетілген.

Қасым-Жомарт Тоқаев - Қазақстан Республикасының Президенті:

Германияның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық тұрғыдан дамуы көптеген мемлекетке жақсы үлгі. Неміс технологиясы мен инвестициясы экономиканың түрлі саласына оң әсер етіп отыр. Біз Германияның өңіріміздегі барлық мемлекетпен теңқұқылы серіктестікті дамытуға ниет танытқанын жоғары бағалаймыз. Оған Германияның социал-демократиялық партиясы қабылдаған «Орталық Азия: байланыс және мүмкіндік» атты бағдарлы құжаты дәлел бола алады.

Бүгінгі саммитте бұл құрамның бірінші кездесуі емес. Былтыр Берлинде 5+ форматы негізінде бас қосқан. Осы жолы жоғары деңгейдегі диалогты тереңдете түсетінімізге сенімдімін деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Кездесу соңында, Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Германия Федералдық канцлерінің бірлескен мәлімдемесі қабылданды.

Оңғар Алпысбай

Хабарламаларға жазылу