Жетісу облысының кәсіпкерлері АЭС салуды қолдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысының кәсіпкерлері АЭС салуды қолдайды

17.09.2024

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы Қорғас халықаралық ынтымақтастық орталығында алдағы жылдары электр қуатына сұраныс артуы мүмкін. Сондықтан мұнда өз кәсібін бастаған азаматтар елімізге атом электр станциясын салу өте маңызды деген пікірде. Қазіргі таңда орталықта 89 млрд теңгенің 30-ға жуық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жаңа нысандар салынып, өндіріс орындары кеңейіп келеді. Болашақта электр энергиясына қажеттілік туындайды. Атом электр станциясын салу арқылы тұтас өңірдің экономикалық мәселелерін шешіп, халықаралық орталықтың да инфрақұрылымын жақсартуға болады, дейді еркін экономикалық аймақта іс бастаған кәсіпкерлер.

Нұрбибі Әубәкірова, кәсіпкер:

Жерімізде Менделеев таблицасының бүкіл элементі бар. Неге бізде атом электр станциясы болмасқа?! Өз өзімізге неге электр қуатын шығармасқа?! Ол бізге, біріншіден, арзандау болады. Екіншіден, адамдарға ешқандай зиян болмайды, деп ойлаймын.

Дамир Қадыр, «Қорғас» ШХЫО инвестиция және туризм Департаментінің басшысы:

Атом электр станциясы жайында айтатын болсақ, бұл дегеніміз ұзақ мерзімде елімізді тұрақты энергиямен қамтамасыз ететін бірден бір шешімдердің бірі болады деген ойдамын.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу