Несие алудан мүлдем бас тартуға болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Несие алудан мүлдем бас тартуға болады

16.09.2024

Енді қазақстандықтар несие алудан мүлдем бас тарта алады. Яғни банктер мен микроқаржы ұйымдарынан шексіз уақытқа дейін кредит рәсімдеуге тыйым салуға мүмкіндік бар. Қызметке Egov порталы арқылы жүгіне аласыз.  Ол үшін, бірінші, порталдағы «Кеден және салықтар» бөлімін таңдау қажет. Екінші, «Экономика және қаржы» бөліміне өту керек. Сосын «Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту» қызметін таңдап, қажетті жолдарды толтырып, электронды цифрлы қолтаңба көмегімен өтінімге қол қою қажет. Жеке кабинетте сіз пайдаланған қызмет түрлері көрсетіледі. Сервиске тек несиеден бас тартушы азаматтың өзі ғана өтінім бере алады. Сондай-ақ пайдаланушы кез келген уақытта несиелер мен қарыздарды алуға белгіленген шектеулерді алып тастай алады.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу