Ресейдің Орталық банкі базалық мөлшерлемені 19 %-ға дейін көтерді. Ал миллиондаған ресейлік қаржылық қиындықтарға тап болған, банктердің алдындағы берешек өсті. Экономикалық санкциялардың салдарынан елді қымбатшылық жайлап, жұмысшы жетпейді.
Ресейдің Орталық банкі базалық мөлшерлемені алтыншы рет көтеріп отыр. Бұл – құлдыраған рубльдің бағамын ұстап тұрудың жалғыз жолы дейді экономистер. Болжам бойынша инфляция 7,0 %-дан асуы мүмкін.
Азгануш Мигранян, Ресей ғылым академиясы экономика институтының жетекші ғылыми қызметкері:
Сарапшылар да, экономистер де инфляциялық таргеттеу саясаты өз нәтижесін көрсетпегенін түсініп отыр. Ал басты мақсат инфляциялық қысымды төмендету екені түсінікті. Сондықтан бұл қажет шешім.
Қазіргі таңда 8 миллионнан астам ресейлік қаржылық қиындықтарға тап болып, 250 %-дан жоғары мөлшерлемелер бойынша қарыздарын төлеп отыр. Сондықтан парламент үкіметке микроқаржы ұйымдарына тыйым салуды ұсынды.
Эльвира Глухова, экономист:
Азаматтардың банктер алдындағы қарызы триллион рубльден асады. Бұл 2018-2019 жылдардағы көрсеткішпен салыстырғанда бірнеше есе көп. Жыл сайын тұрғындардың қаржы ұйымдары мен банктердің алдындағы қарыздары көбеюде.
Мамандар қазан айында базалық мөлшерлеме тағы көтерілуі мүмкін екенін айтады. Салдарынан азық-түлік, коммуналдық төлемдердің бағасы 20-30 пайызға тағы өсуі мүмкін.
Индира Бегайдар