Қызылорда диқандары күріш алқаптарынан рекордтық өнім жинап жатыр
Қызылорда облысында 85 мың гектар күріштіктің бүгінде 27 мыңнан астамы орылды. Егіннің шығымы жылдағыдан жақсы. Кейбір шаруашылықтар күріш алқаптарынан рекордтық өнім жинап жатыр.
Жалағаштық күрішшілер үшін биыл несібелі жыл болып тұр. Маусымдық кезеңде судан таршылық көрмей, егінді бітік шығарған диқандар гектарынан 85-90 центнер аралығында өнім алуда. Шаруалар жерді тегістеп, күтіп-баптауға озық агро-технологияларды пайдаланып, күріштің жаңа сортын жергілікті жерге бейімдеп өсірді. Соның нәтижесінде шығымы өте жоғары.
Ербол Ақбергенов, агроном:
Былтыр 72 центнерден өнім алғанбыз. Биыл жоғары, иә. Қазіргі уақытта 900 гектар жердің өнімін жинап алдық. Орташа өнім - 87 центнер. Ресейден алынған Каулюс сортынан 92-93 центнерден өнім алып жатырмыз.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ – 2026: Норвегия азық-түліктерін ала келген
30.06.2026, 17:35
Бүгін – ұшқышсыз авиация қызметкерлерінің күні
30.06.2026, 17:33
Тараздағы сарбаз Василий Мазур қазақ тілінің дамуына үлес қосып жүр
30.06.2026, 17:30
Ел жаңалықтарына шолу
30.06.2026, 17:27
Петропавлдықтар танымдық-интерактивті ойындарға қатысты
30.06.2026, 17:25
Шымкентте қоқыс тастағандарды дрон түсіріп алуда
30.06.2026, 17:22
Ақтөбелік зейнеткердің пәтерін алаяқтар алдап алған
30.06.2026, 17:20
Тараз әкімдігі аттракцион алаңдарына тоқ беруді тоқтатты
30.06.2026, 17:17