Қытайдың Шанхай қаласында «Бебинка» атты дүлей дауыл көтерілді
Қытайдың Шанхай қаласында «Бебинка» атты дүлей дауыл көтерілді. Осыған байланысты қаланың 25 миллион тұрғынына үйде отыру туралы кеңес берілді. Сақтық шарасы ретінде 400 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Мұндай сұрапыл дауылға шанхайлықтар 1949 жылдан бері алғаш рет куә болып отыр. Тайфун кезінде желдің жылдамдығы сағатына 151 шақырымға жеткен. Қаладағы басты екі әуежайда 600-дей ұшақ рейсі тоқтатылды. Пойыз қатынасы да доғарылып, тас жолдар жабылған. Қала ішінде көлік жылдамдығын сағатына 40 шақырымнан асыруға тыйым салынды. Кемелерге де портқа оралу туралы бұйрық берілген. Ойын-сауық және демалыс саябақтары жабылды.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06