Президент Сәт Тоқпақбаевқа Алтын жұлдыз бен «Отан» орденін табыстады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халық қаһарманы Сәт Тоқпақбаевқа айрықша ерекшелік белгісі – «Алтын жұлдыз» бен «Отан» орденін салтанатты түрде табыстады. Президент Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласы ардагерінің еңбек жолы Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуымен тығыз байланысты екенін атап өтті. Халық Қаһарманы өз кезегінде мемлекетіміздің қауіпсіздігі және тыныштығы жолындағы еңбегін бағалағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Сіз қастерлі Отанымызға адал қызмет еттіңіз. Енді ғана тәуелсіздік алып, дербес мемлекет болған жылдары аса жауапты міндеттерді атқаруға білек сыбана кірісіп кеттіңіз. Ұлттық қауіпсіздік комитетін абыроймен басқардыңыз.
Cәт Тоқпақбаев, Мемлекет және қоғам қайраткері, генерал-полковник, Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласының ардагері:
Тәуелсіздігіміздің баянды болуы мен Отанымыздың қауіпсіздігі және еліміздің тыныштығы жолындағы менің еңбегімді бағалап, «Халық Қаһарманы» атағы және «Отан» орденімен марапаттағаныңыз үшін үлкен алғысымды білдіремін. Еліміздің іші даудан, сырты жаудан аман болсын!
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Абай болыңыз: Жолдарда қар аралас жаңбыр жауады
06.10.2026, 13:17
11 өңірде жылу маусымы басталды
06.10.2026, 13:15
Өкпе обасы: Еуропа Одағы мен АҚШ Сібірдегі жағдайды жіті бақылап отыр
06.10.2026, 13:12
Реформа – елдегі демократияны дамытуға бағытталған нық қадам
06.10.2026, 13:09
Тамыздағы тасқын кезінде жоғалып кеткен мыңдаған адамды іздеу операциясы аяқталды
06.10.2026, 13:06
Ұстаздық – әулет дәстүрі
06.10.2026, 13:05
Оман Сұлтанын ресми қарсы алу рәсімі өтті
06.10.2026, 13:00
БҚО-да тазалық ережесін бұзған 7 мың адам жауапқа тартылды
06.10.2026, 10:21