Түркияда фабрикадағы жарылыстан бір адам қайтыс болды
Түркияның Сакария аймағында макарон өнімдерін шығаратын фабрикада алапат жарылыс болып, бір адам қайтыс болды. Тағы 30 адам жараланған. Жарақат алғандардың көбі жарылыстан кейін шыққан өрт кезінде күйік шалғандар. Олардың ішінде 3 өрт сөндіруші де бар. Түркия Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, жараланғандардың екеуінің жағдайы мүшкіл. Зардап шеккендердің бірі әкесімен бірге жұмыс орнына келген 12 жастағы бала екені анықталды. Әзірге жарылыстың нақты неден шыққаны белгісіз. Бір анығы жарылыс фабриканың диірмен бөлімінде болған. Қазір фабрикадағы өрт сөндіріліп, қирандылар тазаланып жатыр.
Яшар Карадениз, Сакария облысының губернаторы:
Макарон өнімдерін шығаратын фабрикадағы жарылыс кезінде ғимарат ішінде 59 адам болған. Олардың бір бөлігі жарылыс ошағына жақын жерде болғандықтан көпшілігін күйік шалған. Жараланғандардың барлығы дереу ауруханаларға жеткізілді. Жеңіл жарақат алған бес адам үйлеріне жіберілді. Жарылыстың себебі әзірге белгісіз. Тиісті органдар қазір тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
30 елдің дзюдошылары өзара тәжірибе алмасып жатыр
06.08.2026, 20:22
Алматы облысында 22 мыңнан аса тұрғын тазалық жұмысына атсалысты
06.08.2026, 20:20
Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі алғаш рет әуеге көтерілді
06.08.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
06.08.2026, 20:14
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы – саяси жаңғырудың жаңа кезеңі
06.08.2026, 20:12
Құрылтай: Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
06.08.2026, 20:05
Құрылтай сайлауына дайындық пысықталды
06.08.2026, 20:02
ШҚО-да тамыз айында да аптап ыстық болады
06.08.2026, 20:00