Паралимпиадашылар мен олардың бапкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
XVII Жазғы Паралимпиада жүлдегерлері мен олардың бапкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды. Президент тиісті Жарлыққа қол қойды. Алтын медаль иегерлері Давид Дегтярёв І дәрежелі, ал Ақмарал Науатбек ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен наградталды. Күміс медальға қол жеткізген Еркін Ғаббасов, Нұрдәулет Жұмағали және Ерғали Шәмей «Парасат» орденінің кавалерлері атанды. Паралимпиада ойындарының қола жүлдегерлері Дастан Мұқашбеков, Зарина Раифова, Даяна Федосова және Жұрқамырза Шүкірбеков, «Құрмет» орденімен марапатталды. Сондай-ақ Ұлттық құраманың бас бапкерлері мен атлеттердің жеке жаттықтырушылары «Парасат», «Құрмет» ордендерімен және Президенттің Құрмет грамотасымен наградталды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07
Көк базардағы құрылыс 2028 жылға дейін жалғасады
22.09.2026, 10:06
Ресейде көші-қон талаптары күшейді
22.09.2026, 10:05
Түркияда шетелдіктерге заңсыз азаматтық алуға көмектескен топ ұсталды
22.09.2026, 10:05
Егінге бөлінген 300 миллион теңге қолды болған
22.09.2026, 10:05
Жапонияда 2 миллионға жуық адам эвакуацияланады
22.09.2026, 10:04
Үкіметте жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту шаралары талқыланып жатыр
22.09.2026, 10:03
Бірнеше медиа ұйым Трамп әкімшілігіне қарсы сотқа шағым түсірмек
22.09.2026, 10:02