Шетелдік туристер отандық суретшілердің туындыларын көрді
Көшпенділер ойынына арнайы келген туристер қазақ суретшілерінің туындыларына тәнті болды. Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының 22 отырысына орайластырылған көрме ұйымдастырылды. Мәдени шараға 80-ге жуық елдің құрметті консулдары мен жүздеген шетелдік турист қатысты. Олар отандық суретшілердің шығармаларына ықылас танытты.
Диана Есенова, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы басшысының міндетін атқарушы:
Бүгін көрмеде 40-тан астам сурет қойылды. Яғни бейнелеу өнерінен бөлек, мүсін, гобелен сынды қолөнерлері ұсынылды. Мәдени шараны тамашалауға шетелдік туристер белсенді қатысты. Қазақ өнерпаздарының шығармаларын сатып алуға ниет танытқан шетелдік көп. Әсіресе Италия, Түркия, Грекиядан келген меймандар өздеріне ұнаған суретті сатып алу үшін Көркем академияның мамандарымен сөйлесіп, саудаласып жатты.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13