Сарапшы: АЭС экологияға оң ықпал етеді
Елдегі электр энергиясын тартатын 222 станцияның 80 пайызы тоқты көмірден өндіреді. Ол қоршаған ортаға зиян. Ауаға бөлінетін қауіпті қалдықтардың мөлшері тым көп. Сондықтан қазір әлем елдері қатты отынмен жұмыс істейтін жылу нысандарын қаржыландырудан бас тартып жатыр. Көкшетауда қоғам белсенділері Қазақстандағы атом энергетикасын дамыту жайын талқылады. Ғалымдардың айтуынша, көмірмен және газбен жұмыс істейтін орталықтардан гөрі, атом электр станциясының қоршаған ортаға зияны әлдеқайда аз. Себебі, реакторлар шығаратын күкірт пен азот оксидтерінің мөлшері төмен. Сондықтан ол елдегі экологияға да оң ықпал етеді.
Сағат Мұхамедин, Техника ғылымдарының докторы:
Энергетикалық көмірді пайдаланып отырмыз. оны жаққан кезде пайдалы әсер коэффициенті аз деген сөз. Бір келісін жаққан кезде оның тек 500-600 граммынан пайдалы энергия аламыз. Қалғандары күл, құм-қиыршық, жанбайтын заттар. Олар аспанға ұшып кетеді. Көптеген жылу электр станцияларының бәрі ескірді.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05