«Talqylau» диалог алаңы: Азаматтарға АЭС жайлы ақпарат қолжетімді болу керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Talqylau» диалог алаңы: Азаматтарға АЭС жайлы ақпарат қолжетімді болу керек

12.09.2024

Атом электр станциясы жайлы халық барынша мол мағлұмат алуы керек. Ақпаратқа қанығып, көзқарасы қалыптасқан адам референдумда нақты шешім қабылдайды. Бүгін Астанада «TALQYLAU» диалог алаңында спикерлер осындай пікір білдірді. Жиналғандар атом электр станциясы мәселесі және Мемлекет басшысының биылғы халыққа Жолдауын талқылады. Жалпы елімізде электр энергиясы аз мөлшерде болса да, тапшы. Мысалға, былтыр энергияны тұтыну қажеттілігі арта түсетін таңғы және кешкі уақытта шекаралас елдерден электр энергиясын сатып алдық. Ол - былтыр тұтынған барлық энергияның екі пайызы. Азаматтар үшін бұдан басқа маңызды ақпараттар қолжетімді етілген.

Гүлмира Мұрсалова, ҚР Энергетика министрілігі департамент директорының орынбасары:

Халық арасында ақпарат аламын деген адамдарға Egov.kz порталында және Egov қосымшасында арнайы бөлімдер ашылған. Соның ішінде АЭС туралы бүкіл ақпаратты оқуға болады.


Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу