Е.Қарин Президент жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің көшпелі отырысын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Е.Қарин Президент жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің көшпелі отырысын өткізді

12.09.2024

Мемлекеттік кеңесші Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің көшпелі отырысын өткізді. Ерлан Қарин Қостанай қаласында облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың өңірдегі қалалар мен аудан әкімдерінің, мемлекеттік органдар жетекшілерінің қатысуымен ішкі саясат мәселелеріне қатысты аймақтық кеңес өткізді.

Жиында Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру, ішкі саясат бағытындағы жұмыс барысы, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, ономастика, ақпарат саласы және жастар саясаты мәселелері талқыланды. Мемлекеттік кеңесші облыстағы бірқатар мектеп директорларымен кездесіп, «Біртұтас тәрбие» атты жаңа бағдарламаны жүзеге асыру мәселесіне қатысты пікір алмасты. Сонымен қатар Мемлекеттік кеңесші автомобиль көлігі колледжінің студенттерімен кездесті. Президенттің 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауы мемлекеттің кәсіптік білім беру ісін одан әрі дамытуға мүдделі екенін білдіреді, – деді Ерлан Қарин.

Бұдан бөлек, АЭС салу мәселесіне қатысты алдағы референдумның маңыздылығы туралы айтты.


Хабарламаларға жазылу