Қоғамдық сауалнама қорытындысын референдум күніне 5 күн қалғанда және референдум болатын күні жариялауға болмайды. Батыс Қазақстан облысына барған Орталық референдум комиссиясының төрағасы мен мүшелері, саяси науқанды өткізудің ережелері мен заң талаптарын түсіндірді. Әуелі алқалы кеңес өткізіп, кейін облыстық, аудандық, қалалық референдум комиссияларының мүшелерімен кездесті. Облыста құрамында барлығы 3220 комиссия мүшесі бар 14 аумақтық және 496 учаскелік, яғни 510 референдум комиссиясы жұмыс істейді. Олар маңызды іс-шараға дайындық жұмысын бастап кетті. Өңірде дауыс беруге құқығы бар 450 157 адам тіркелген. Сайлаушылар, өздері туралы және дауыс беру учаскелері туралы мәліметтер алу үшін колл-орталықтарға және қалада 109 нөміріне хабарласа алады.
Шавхат Өтемісов, Орталық референдум комиссиясының мүшесі:
Сауал салудың қорытындысын референдум болатын күннен кемінде 5 күн бұрын және референдум болатын күні жариялауға болмайды. Өкінішке қарай, қазірдің өзінде кейбір осындай қоғамдық пікірге сауал салатын ұйымдардың тарапынан заңбұзушылық орын алып жатыр.
Ардақ Мұратқызы