Басты Жаңалықтар Алматы облысында қарасан жұқтырғандар саны 11 адамға жетті

Алматы облысында қарасан жұқтырғандар саны 11 адамға жетті

Алматы облысында күйдіргімен ауырғандар саны 11 адамға жетті. 16 науқас ауруханада жатыр. Олардың 11-нен «күйдіргі» диагнозы расталса, 4 науқастан алынған сынаманың қорытындысы теріс нәтиже көрсеткен. Қазір барлығы Алматыдағы жұқпалы аурулар клиникалық ауруханасында ем алып жатыр. Олардың жағдайы тұрақты, - дейді дәрігерлер. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, аурудың таралуы байқалмайды, жағдай бақылауда.

Бірақ тұрғындарды қырағы болуға шақырып отыр. Ет өнімдерін тексерілген жерлерден сатып алуға кеңес береді. Айта кетейік, 1 қыркүйекте Ұйғыр ауданы Үлкен Ақсу ауылдық округінде сібір жарасына күдікпен төрт жағдай тіркелді. Ұйғыр ауданы Үлкен Ақсу ауылында карантин енгізіліп, эпидемиологиялық ошақ оқшауланған.

Қуан Нұрақын


Бөлісу