Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды

10.09.2024

Президент жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды. Қасым-Жомарт Тоқаев алдымен индустриялық аймақта орналасқан шойын құю зауытының жұмысымен танысты. Мұнда жылына 45 мың тонна шойын құймасы өндірілмек. Құны 78 миллиард теңгеден асатын жобаның арқасында 500 жұмыс орны ашылған. Ал өндіріс процесіндегі күрделі әрі ауыр технологиялық операцияларды орындау үшін 30 робот қойылған.

Мұқағали Төлешенов, «KamlitKZ» зауытының жабыдақтарға қызмет көрсету бойынша шебері:

Роботтар қиын жұмыстарды жасайды. Адамның күші жетпейтін, автоматика жұмыстары, роботехника жұмыстарын Кука-роботы арқылы жұмыс жасаймыз. Бұның тиімділігі – жылдамдығында, кейін адам құсап шаршап, демалу жоқ. 12 сағат бойы, 24 сағат бойы да жұмыс жасай алады.

Мемлекет басшысы облыс әкімінің өңірге инвестиция тарту жөніндегі баяндамасын да, тыңдады. Құмар Ақсақалов жалпы өңірлік өнім көлемін 2 есе өсіріп, жыл сайынғы бюджет түсімін 75 миллиард теңгеге ұлғайту көзделгенін айтты. Ал орташа жалақы мөлшері 1,5 есе артып, 20 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Президент өңірдегі тағы бірнеше өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын араламақ. Әрі әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысады.

Данияр Қайыртай

Хабарламаларға жазылу