Референдум талаптары таныстырылды
Бүгін Атырау облысына орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында аудандық, қалалық сайлау комиссиясының мүшелері, құқық қорғау органдарының өкілдері және жергілікті басқарма басшыларымен кездесті. Еліміз үшін маңызды саяси науқан 6-қазанда өтетін республикалық референдумның маңыздылығына тоқталып, оны ұйымдастырудағы кейбір өзгерістер туралы айтты. Жалпы облыста 9 аумақтық, 269 учаскелік референдум комиссиялары жұмыс істейді. Облыс бойынша саяси науқанға қатысу құқығы бар сайлаушылардың толық тізімі 16 қыркүйекте нақты белгілі болады.
Шавхат Өтемісов, ҚР Орталық референдум комиссиясының мүшесі:
5-шілде күні қолданыстағы ҚР референдум туралы конституциялық заңына өзгерістер енгізілді. Сондықтан қазіргі жұмысымыздың негізгі бағыты сол өзгерістермен әріптестерімізді таныстырып, болашақ референдумға дайындық жұмыстары нақты осы қолданыстағы заң шеңберінің аясында болуы керек.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17