Басты Жаңалықтар Қ.Тоқаев БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының Бас хатшысын қабылдады

Қ.Тоқаев БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының Бас хатшысын қабылдады

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары туризмді және ел экономикасын дамытуға жол ашады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған Біріккен Ұлттар Ұйымы Дүниежүзілік туристік ұйымының Бас хатшысы осылай деді. Зураб Пололикашвили халықаралық доданың ұйымдастыру деңгейіне жоғары баға берді. Әрі қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірді.

Президент өз кезегінде ауқымды іс-шараның ашылу салтанатына қатысқаны үшін ұйым делегациясы мен Бас хатшыға ризашылығын білдірді. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары халықтар арасындағы достықты нығайтуға, еліміздің имиджін ілгерілетуге, мәдени-тарихи мұрасын дәріптеуге септігін тигізетінін атап өтті. Сондай-ақ ұйыммен туризм саласындағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.

Айя Мүтәлі

Автор
Айя Мүтәлі
Бөлісу