Президент Олжас Бектеновті қабылдады
Мемлекет басшысы Премьер-министрді қабылдады. Олжас Бектенов Президентке еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, егін орағы және су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстары туралы баяндады. Оның айтуынша өңдеу өнеркәсібі мен құрылыс саласы қарқынды дамып келеді. Ауыл шаруашылығында да айтарлықтай өсім бар. Қазір елдегі дәнді-дақылдар алқабының 27 пайызы жиналған. Шаруашылықтарға арзандатылған дизель отынын жеткізу кестеге сай жүргізіліп жатыр. Ал су тасқынынан зардап шеккендерге 7,5 мыңға жуық баспана берілді. Мемлекет басшысы жүргізіліп жатқан жұмыстың маңызын атап өтіп, елімізді одан әрі әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамытуға қатысты тапсырмалар берді.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде 161 волонтерлер ұйымы жұмыс істейді
25.09.2026, 15:10
Өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырған бопсалаушылар ұсталды
25.09.2026, 15:09
Биыл мемлекетке 1 млн гектардан астам жер қайтарылды
25.09.2026, 15:09
Оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер
25.09.2026, 15:08
Түркияның Сыртқы істер министрлігі Қазақстан халқына көңіл айтты
25.09.2026, 15:08
Бельгиялықтар қайғыға ортақтасып, көңіл айтуда
25.09.2026, 15:06
«Жауынгерлер Отан алдындағы әскери борышын адал атқарды»
25.09.2026, 15:06
Қаза тапқан сарбаздардың отбасына қажетті көмек көрсетіліп жатыр
25.09.2026, 15:05