Қостанай облысында ветеринар мамандарға 20 жаңа көлік берілді
Қостанай облысында ветеринар мамандарға 20 жаңа көлік берілді. Жалпы құны 229 млн теңге. Сала мамандарының айтуынша аймақтағы кейбір ветстанциялардың техникалық базасы 10 жылдан артық уақыт жаңартылмаған. Бұл малдәрігерлерінің өз міндетін мінсіз атқаруын қиындатқаны анық.
Сондықтан жаңа көлік жұмыстың жандануына сеп болмақ. Жалпы биыл аймақта ветеринария саласын қаржыландыруға төрт млдр теңге бөлініпті. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 700 млн теңгеге көп.
Нұрболат Кәкімбеков – ветеринар-дәрігер:
Ең басты міндет – індеттің алдын алу. Жол талғамайтын көлік көп болса ол міндетті орындау оңайлайды. Өйткені қатынасы қиын алыс аудандарға осындай жол талғамайтын көліктер ауадай қажет.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӨскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 10:11
Алматыда өнертанушы Мұхамеджан Әлімбаевтың 75 жылдығына арналған көрме ашылды
22.10.2026, 10:09
Брюссельдегі әйгілі мүсінге қазақтың шапаны кигізілді
22.10.2026, 10:08
Павлодар облысында тауарларға жеңілдік апталығы жарияланды
22.10.2026, 10:06
Кремль Украина мәселесі бойынша үшжақты келіссөзге дайын
22.10.2026, 10:04
Адамның араласуынсыз тапсырма орындайтын ЖИ жүйелері талқыланады
22.10.2026, 10:01
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30