Мұқырбаевтар әулеті «Мерейлі отбасы» байқауында үздік атанды
Ертең - Отбасы күні. Мереке қарсаңында «Мерейлі отбасы» атанып, мерейі үстем болғандардың бірі - Мұқырбаевтар әулеті. Алты бала, 23 немере тәрбиелеп отырған үлкен қара шаңырақ Маңғыстау облысындағы Қызан ауылында шаруа қожалығымен айналысады. Отанасы Күләш Тоғысова түйе сауып, сүтінен құрт, балқаймақ, ал жүнінен түрлі бұйым дайындайды. Ал отағасы Бұғабай Мұқырбаев - ат жаратып, тұлпар баптайды. Ол - елімізде алғаш рет ұйымдастырылған «Ұлы Дала жорығы» марафон-бәйгесінде бас жүлдені жеңіп алған маңғыстаулық «Көкмойнақ» командасының бапкері.
Бұғабай Мұқырбаев, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпазы:
Аталарымыздан,әке-шешемізден көргенімізді мына балаларымызға үйретіп, дамытып келе жатырмыз. Мен үшінші буынмын, балам төртінші буын да, немерем - бесінші буын болады. Оған кәміл сенемін. 2013 жылдан бастап жорыққа ат дайындаймыз. Мына балам Францияға дейін барып келді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
The World Financial Review: Қазақстанның инвестициялық картасы қалай өзгерді
07.10.2026, 10:16
«JOLTAP» жобасы барлық өңірде жүзеге асуы мүмкін
07.10.2026, 10:06
Қолөнерші креативті индустрияның дамуына үлес қосып жүр
07.10.2026, 10:05
Ерлан Қарин Джеки Чанмен халықаралық киножобаны талқылады
07.10.2026, 10:05
Нью-Йоркте қызылшаға байланысты төтенше жағдай жарияланды
07.10.2026, 10:04
Йемен үкіметі көтерілісші хуситтерге қарсы шабуылды күшейтті
07.10.2026, 10:04
Қазақстандықтарды елге қайтару бойынша келіссөз жүріп жатыр
07.10.2026, 10:04
Қазақстан Халық Кеңесі комитетінің салалық комиссияларының құрамы бекітілді
07.10.2026, 10:03