Жезқазған қаласына - 70 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жезқазған қаласына - 70 жыл

07.09.2024

Жезқазған қаласына - 70 жыл. Екі жыл бұрын дербес облыс орталығы атанған мысты қала, әлеуметтік-экономикалық жағынан қайта дамып келеді. Жезді мекеннің алғашқы іргетасын құрылысшы, кенші жұмыскерлер қалаған. 1954 жылы «қала» мәртебесін алды. Содан бері ел экономикасына елеулі үлес қосып келеді.

Төлеген Бүкіров, Жезқазған қаласының құрметті азаматы:

Мен осы қалада туып, өстім. Менің көз алдымда қала бой көтерді. Үлкен орталыққа айналды. Көптеген адамдар келіп, жұмыс жасап, осы қаладан бақытын тапты. Солардың ұрпақтары бүгінде әр салада еңбек етіп келе жатыр.

100 мыңға жуық тұрғыны бар қала, 2022 жылы Ұлытау облысының орталығына айналды. Облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы, қала тұрғындарын 70 жылдық мерей тоймен құттықтады. Мереке қарсаңында ел үшін еңбек еткен жандарға мерейтойлық медальдар табысталып, «Жезқазған қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Виктор Шавнев, қала тұрғыны:

Әкем құрылысшы болып, анам екеуі осында еңбек етті. Мен 1954 жылы дүниеге келдім. Жезқазған қаласының құрдасымын. Содан бері қаламның даму жолын өз көзіммен көріп келемін.

Жандос Бақытұлы


Хабарламаларға жазылу