Ертең V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары басталады

07.09.2024

Ертең Астанада бесінші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары басталады. Дүбірлі дода елімізде бірінші рет өтеді. Туризм және спорт министрлігі өкілдерінің хабарлауынша, ойындар кезінде елордаға 100 мыңнан астам турист келуі мүмкін. Байрақты бәсекеде әлемнің 89 елінен 2700-ге жуық спортшы қатысады. Олар спорттың 21 түрінен кім мықтыны анықтап, 97 медаль жиынтығын сарапқа салмақ. Ұлттық құрамадағы 216 спортшымыз ел намысын қорғайды. Спорттық бәсекелерде 370 төреші төрелік етеді. Оның 110-ы Қазақстан өкілі. Ойындар 7 спорт кешенінде өтеді яғни, «Астана арена», «Қазанат» ипподромы, «Алау» мұз айдыны, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, «Қазақстан» жеңіл атлетика спорт кешені, «Думан» кешені, Ұлттық музей. Спорттық шара кезінде 1300 ерікті жұмыс істейді. Оның 1280-і қазақстандық, 20-ы шетелдік.

Хабарламаларға жазылу