АҚШ-та 54 атом электр станциясы жұмыс істейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та 54 атом электр станциясы жұмыс істейді

07.09.2024

Ядролық қуат АҚШ-тың энергетикалық тәуелсіздігінің кепілі болып отыр. 93 реакторы бар 54 станция елдегі қуаттың бестін бірін өндіреді. Осылайша алпауыт ел ядродан қуат айыру бойынша әлемде көш бастап тұр. Сондай АЭС-тердің біріне барып, жергілікті халықтың пікірін білген тілшіміз Жалғас Сәдібекұлының материалына назар аударайық.

Бұл Мэриланд штатындағы Калверт Клифс ядролық электр станциясы. АҚШ астанасы Вашингтоннан 1 сағаттық жерде орналасқан. Қос реактордан тұратын орталықтың жұмыс істеп тұрғанына келер жылы жарты ғасыр болды. Бұл осыс өңірдің энергетикалық тәуелсіздігінің кепілі. Себебі, қазіргі таңда 1,3 миллионнан астам үйді электр энергиясымен қамтып отыр.

Катерина, қала тұрғыны:

Менің ойымша АЭС-тың болуы біз үшін қуантарлық жайт. Халыққа ешқандай зиянын тигізіп жатқан жоқ. Себебі ол қауіпсіз. Ал оның қауіпсіздігіне күмән келтіретіндер дұрыс ақпараттанбаған. Бар болғаны сол.

Жалпы, АҚШ-та 54 атом электр санциясы бар. 28 штатта орналасқан. Көбі кемі 50 жылдан аса жұмыс істет тұр. Себебі, 70-ші жылдары әлемдік энергетикалық дағдарыстан қатты зардап шеккен мемлекет мұнайға тәуелдікті азайту үшін атом энергетикасына ерекше ден қояды. Осылайша, АҚШ -ең ірі ядролық державаға айналады. Қазір әлемдегі ядролық электр қуатының 30%-ын өндіріп отыр.

Халимеда Килборн, Қоршаған ортаны зерттеу орталығының профессоры:

 Халықтың түрлі пікірде болуы қалыпты жағдай. Бірақ ғылым тұрғысынан айтар болсақ, ядролық энергетика адамзатты қуатпен қамтамасыз етудің ең тиімді жолы.

Экономикалық тиімді ғана емес, экологияға кері әсері де аз дейді мамандар. Мәселен, 1976 жылдан бері АҚШтағы Атом электр станциялары 64 миллиард тонна көмірқышқыл газының ауаға тарауға жол бермеді.

Менің ойымша біздің қаладағы АЭС-тың атмосфераға анау айтқандай зияны жоқ. Бастысы тұрақты түрде тексеріліп тұрса болды. Менің туыстарымның бірнешеуі осы АЭС-те жұмыс істейді. Білуімше жұмыстарына риза.

Жалпы Ақштың ядролық энергетика индустриясында жарты миллионға жуық америкалық жұмыс істейді. Әрі бұл саладан ел қазынасы жылына кемі 40 млрд доллар пайда түседі екен.

Жалғас Сәдібекұлы


Хабарламаларға жазылу