Түрік саяхатшылары қазақ халқының қонақжайлығына тәнті болды
Дәл осы көшпенділер ойындарын тамашалау үшін Анкарадан автобуспен шыққан түрік отбасы бүгін елордаға келді.
Олар 5400 шақырым жол жүрген. Саяхатшыларға сый-сияпат көрсетілді. Қала әкімдігі Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылуына билеттер табыстады. Түрік отбасы 12-ші тамызда жолға шығып, Грузия, Ресей, Татарстан арқылы 21 күнде Астанаға жеткен. Идил мен Бурак 2 жасар ұлымен бірге Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын көру үшін арнайы келді. Көшпенді деп аталатын шағын автобусты алыс сапарға арнап жабдықтаған. Ерлі-зайыптылар көшпенділер ойынынан кейін саяхаттарын Өзбекстан, Қырғызстан жерінде жалғастыруға ниетті.
Идил Дуран, Ыстанбұл қаласының тұрғыны:
Астанаға жеткенімізге қатты қуаныштымын. Анам, әкем, мен Түркияда тусақ та, біздің түбіміз бір. Қазақстанға келгенде де көңіліміз алабұртты, көзімізге жас келді. Менің анам қырғыз. Қазақ халқының қонақжайлығы, көрсетіп жатқан ілтипаттарынан, үйімізде жүрген сияқтымыз. Саяхат барысында қазақ халқымен жақын танысып, қызықты уақыт өткізгіміз келеді.
Бурак Дуран, Ыстанбұл қаласының тұрғыны:
Қазақ даласы өте үлкен. Табиғаттарыңыз бізге ұнады, иен даладан өткенде керемет әсер алдық. Алайда бір қаладан келесі қалаға жетудің өзі әжептәуір уақыт алды. Жасыратыны жоқ, жолда автобус сынып, өзге де қиындықтар болды. Бірақ, сол жердің әкімдігі жедел жетіп, қажетті көмекті көрсетті. Қазақ халқының қонақжайлығын тағы да ерекше айтқым келеді, тіпті полицейлер де жәрдемін аямай, әр облыстан өткенімізде жол көрсетіп отырды.
Ақмаржан Ғафизқызы
Автор
Ақмаржан Ғафизқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Интернет алаяқтық азаймай тұр
24.04.2026, 20:59
ЕуроОдақ ядролық энергетиканы қарқынды дамытпақ
24.04.2026, 20:30
Иран дағдарысына қатысты бейресми саммит өтіп жатыр
24.04.2026, 20:28
Инвестициялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды
24.04.2026, 20:27
Шекарадағы құжат тексерісі азаяды
24.04.2026, 20:27
Мегаполисте 85 мыңнан астам автокөлік иесі салық төлемеген
24.04.2026, 20:18
Шілдеден бастап банктер бір QR-кодқа қосылады
24.04.2026, 20:17
RES 2026 EXPO: Жасыл энергия көрмесінде құны $2,3 млрд болатын келісімшарттар жасалды
24.04.2026, 20:14