Атом электр станциясының құрылысы сынды мемлекеттік маңызы бар шешімдерді қабылдауда халықтың қатысуы маңызды.
Бұл мәселе Петропавлда өткен аймақтық жиында талқыланды. Басқосуға депутаттар, мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, атом энергиясы мен экология саласының мамандары қатысты. Жиында қоғамдық-саяси мәдениет, экологиялық тәуекел мен қауіпсіздік, Атом электр станциясын салу туралы жалпыұлттық референдум өткізу мәселелері талқыланды.
Риззат Тасым, «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ қоғамдық процестерді зерттеу орталығының басшысы:
Кәсіби сарапшыларды тартып, содан кейін өңірлерден де ой айтамын деген адамдарға еркіндік алаңымызды ұсынып отырмыз. Басым қоғамның коненсусқа келген шешімі және де эксперттік пікірлерге негізделген ортақ шешм қабылдауға көмектеседі деген сенімдемін. Ал әрине, нақты шешімді бұқара халық 6-шы қазан күні референдумда қабылдайды.
Әлем елдері көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станцияларын қаржыландырудан бас тартып жатыр. Сондықтан алдағы уақытта тұрақты энергия көзіне көшу қажет деді Көкшетауда жастармен кездескен энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев. Министрдің айтуынша, елімізде энергия тапшылығы жыл санап артып келеді. Бұл әсіресе, кәсіпкерлерге қолбайлау болып тұр. Тапшылық экономиканың өсімін тежейді.
Эльмира Кәленова