Шымкентте бақилық болған балалардың есебінен үйірмеге қаржы алып отырған
Шымкенттегі қосымша білім беретін мекемелер қайтыс болып кеткен балалардың өзін тіркеуге алып, сол үшін мемлекеттен ақша алып келген. Мұндай сорақы жәйт, құқық қорғау органдарымен бірлескен тексеріс кезінде белгілі болды. Сондай-ақ 2 жарым мыңнан астам оқушының қағазда дерегі болғанымен, шын мәнінде үйірмеге ешқашан бармаған болып шықты. Олардың арасында отбасымен бірге шетел асып кеткендері де бар. Қазір осы іске байланысты тергеп-тексеру жүріп жатыр. Жалпы биыл шымкенттік балалардың мектептен тыс үйірмелерге баруы үшін 20 мың 500 ваучер бөлініп отыр. Осы тапсырысты алу үшін 39 қосымша білім беру мекемелері өтінім берген.
Бауыржан Орынтаев, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы:
Өмірден өтіп кеткен бірақ сол баланы тіркеп ақша алып отырған өнім берушілер бар. Біз прокуратурамен бірлесіп осындай 40-қа жуық фактіні анықтап отырмыз. Бұл жұмыстың басы. Қазір түсініктер алынып, жұмыс жасап жатыр.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04