Денсаулық сақтау министрлігі ортақ базаны келесі жылы іске қосады. Цифрландыру жұмысы аяқталғанда, медицина саласы ашық әрі қолжетімді болмақ. Азаматтардың медициналық деректерін бір жүйеде сақтауды Президент жолдауында тапсырған еді.
Медицинадағы, әсіресе емханаларда айлап кезек күтетіндердің шағымы азаймай тұр. Олар дәрігерлер науқастарға аз уақыт бөлетіненіне де наразы.
Мысалы МӘМС деген бар, төлейміз. Бірақ неге төлейтінімізді білмейміз. Қайда кетті? Жазылу керек 1 жұма бұрын, кейде 1 ай бұрын.
Дәрігерлер көбіне компьютерде барлығын толтырып болғанша, ұзақ уақыт алып қалады. Жуырда ғана қызымды апардым, 1 ай бұрын жазылдым.
Очередь көп өте. Барсаң отырасың, күтесің. Солай.
Иә осындай шағымдар қазір әлеуметтік желіде де көп. Бұл мәселеге Президент те Жолдауында тоқталып, ортақ жүйені жасауды министрлікке тапсырды. Вице-министр Ербол Оспанов дәрігерлердің біраз уақыты база толтырумен кететіні рас дейді. Бұл мәселе келесі жылдан бастап болмайды деп сендірді. Сырқат адамның емделу тарихы, медициналық талдаулары бір көзде жиналады деді.
Ербол Оспанов, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:
Сіз мына жерде мынадай қызмет алдыңыз, мына уақытта, мынадай врачта деп жазылып отырады. Егер пациент онымен келіспейтін болса (деректермен), кері байланысқа шығып, яғни ол жерге бармаған , мұндай қызмет алмағам деп шағым бере алады.
Сондай-ақ цифрландырудың тағы бір тиімді тұсы - мемлекеттен және МӘМС-тен бөлінетін қаржыны бақылауға мүмкіндік болады.
Марат Хавсемет, МӘМС қоры Астана қалалық филиалы директорының орынбасары:
Басым көпшілігі сол ақпараттық жүйеге енгізіледі. Дәрігерге жазылу, направление беру немесе емделген жағдай бар. Соған түсен ақпараттың барлығы денсаулық сақтау министрлігінің мен айтып өткен 5-6 ақпараттық жүйесіне түседі де, содан кейін біздің төлем жүйесіне келіп түседі. Азаматтардың төлеп отқан жарнасының қай жаққа кетіп жатыр, қандай мақсатта жұсалып жатыр, оның барлығы ашық түрде.
Денсаулық сақтау саласын мейлінше жеңілдетіп, халыққа барынша пайдалы ету үшін жан-жақты шаралар қабылданып жатыр. Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың айтуынша, кепілдендірілген базалық және сақтандыру пакеттерінен тұратын медициналық көмектің Бірыңғай пакетін қарастыратын Заң жобасы әзірленеді.
Динара Жарқынбек