Паралимпиада: Тағы бір алтын, екі қоладан үміт бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Паралимпиада: Тағы бір алтын, екі қоладан үміт бар

06.09.2024

Париж төрінде толағай табысқа қол жеткізген дзюдошыларымыздың жеңісті жолын бүгін де татами шеберлері жалғастыруда. «Чамп де Марс аренада» үш отандасымыз өнерін ортаға салды. Екі дүркін әлем чемпионы Ерғали Шамей, алғашқы айналымда жарыс иесін тізе бүктіріп, финалдық сынның жолдамасын сарапқа салған сында неміс балуанын жеңді.

Енді румыниялық татами шеберімен алтын жүлдені сарапқа салады. Ал Даяна Федосова алғашқы кезеңнен сүрінбей өткенімен жартылай финалда күншығыс елінің өкілінен айласын асыра алмады. Енді ол қола жүлдеге таласады. Аяла Мерекенің де қоладан үміті бар. Паражүзуде Зульфия Габидуллина S4 класында еркін стильде жүзуде финалға жолдама алды.

Тағы бір тәжірибелі отандасымыз Сиязбек Далиев S5 класында 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу іріктеуінен іркілмей өтті. Енді қос отандасымыз бүгін жарыстың финалдық сынында жүлдеге таласады. Жаныл Балтабаева мен Спатай Бибарыс пара каноэде жартылай финалға жолдама алды.

Азат Қыдырбек

Хабарламаларға жазылу