Көшпенділер ойындары: Астанаға АҚШ ковбойлары келді
Бесінші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарына қатысатын АҚШ құрамасының спортшылары Астанаға келді. Делегация құрамында 9 адам бар. Олар қазақтың ұлттық ойыны көкпардан бақ сынамақ.
Жалпы бұл елдің командасы бұған дейін Көшпенділер ойынына үш рет қатысқан. Екеуінде де «Көк бөрі» спортынан бақ сынаған. Бұл жолы бірінші рет көкпар тартпақ. Бұған дейін ковбойлар наурызда Қазақстанға келіп, Ұлттық құрамамен жолдастық кездесу өткізген болатын.
Скотт Симмерман, АҚШ құрамасының капитаны:
Көкпар өте қызықты ойын. Мен спорттың бұл түріне 12 жасымнан бастап қызыға бастадым. Осы арқылы Қазақстанға деген қызығушылығым арта түсті. Біз үшін Көшпенділер ойындарында аттардың жағдайы маңызды. Мақсатымыз жарыста барынша жақсы өнер көрсетіп, үздіктердің қатарына кіру. Көрермендер мен жанкүйерлерге есте қалатындай әсер сыйлағымыз келеді. Біздің ковбойлардың қалай көкпар тартатынын көрсеткіміз келеді.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Роботтар адамдармен бірге марафонға қатысты
20.04.2026, 10:29
15 жастағы теннисші Қазақстанның атын Қытайда асқақтатты
20.04.2026, 10:27
Павлодар қаласында жаттықтырушыға ескерткіш орнатылды
20.04.2026, 10:23
Көпқабатты үйлердің жертөлелері жерасты суларына толған
20.04.2026, 10:17
«Таза Қазақстан» бастамасы грекияда қолдау тапты
20.04.2026, 10:14
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
20.04.2026, 10:12
Америкалық әскерилер ирандық кемені басып алды
20.04.2026, 10:08
Маңғыстауда нөсер жауыннан кейін 100-ден астам жылқы батпаққа батып өлген
20.04.2026, 10:07