Жетісу облысында есірткі сатқан 15 адам ұсталған
Жетісу облысында есірткі сатып, пайдаға кенелем деген 15 адам құрықталды. Бұл биылғы жылдың есебі. Ал былтыр 17 адам ұсталған еді. Өңірде жедел-профилактикалық шара өтіп жатыр. Тәртіп сақшылары оқу жылы басталғалы Талдықорғандағы оқу орындарының жатақханаларына тексеру жүргізді.
Иісшіл итпен студенттердің бөлмелерін тінтіп, арнайы мамандар жастармен сұхбат жүргізді. Рейд барысында құқық бұзу фактілері тіркелмесе де, тәртіп сақшылары мұндай шұғыл шаралар алдағы уақытта да жалғасатынын айтты.
Меруерт Ысқақова, Жетісу облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі:
Былтыр екі кәмелетке толмаған жас бала болған. Олардың біреуі Алматы облысы, Іле ауданының кешкі мектеп оқушысы Талдықорған қаласына келіп, пәтер жалдап синтетикалық есірткіні жасырған. Яғни закладчик болып істеген. Екіншісі Текелі қаласының 18 жастағы закладчигі ұсталды.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04