Ерлан Қарин Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
Жемқорлық туралы хабарлайтындарды қорғау күшейтіледі. Қоғамдық кеңестердің рөлін арттырып, негізсіз байып кететіндерге жауапкершілік енгізілмек. Осындай қатаң шаралар жемқорларға қарсы қолға алынбақ. Осы мақсатта Парламентке сыбайлас жемқорлыққа қарсы қосымша шаралар қарастыруды көздейтін түзетулердің кезекті топтамасы енгізілді. Бұл жөнінде бүгін Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринннің төрағалығымен өткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның кезекті отырысында белгілі болды.
Басқосуда Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған сыбайлас жемқорлықты азайтуға ықпал ететін шаралар талқыланды. Жиын соңында Мемлекеттік кеңесші комиссия мүшелеріне бірқатар тапсырма берді.
Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі:
Мемлекет басшысы салық саласын толық цифрландыруды, барлық процестерді электронды форматқа ауыстыруды тапсырды. Бұл шара осы саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге және үдерістерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Екіншіден, Жолдауда диқандарға өсімі аз несие беру үшін банктерді субсидиялау тәжірибесін тарату бойынша міндет қойылды. Бұл фермерлерді айналым қаражатымен жедел қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге және мемлекеттік қолдау алу рәсімін төмендетуге мүмкіндік береді.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тарихшы: ІІ д.с. кезінде немістер еліміздің батысын ұшақпен шабуылдаған
11.09.2025, 14:27

Жаңа салық кодексіндегі өзгерістер кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған
11.09.2025, 14:24
2026 жылдан бастап Ақтөбе әуежайында тасымал еселеп артады
11.09.2025, 14:21
Қызылорда облысында 41 мыңнан аса адам мемлекеттік жәрдемақы алады
11.09.2025, 14:18
Жасанды интеллект – бәсекеге қабілетті ел болудың кепілі
11.09.2025, 14:15
Кубада миллиондаған халық тағы да жарықсыз отыр
11.09.2025, 14:12
Непалда коменданттық сағат мерзімі ұзартылды
11.09.2025, 14:09
Түркістан облысында жалған құжатпен миллиондап субсидия алғандар анықталды
11.09.2025, 14:06