Ақтөбе облысындағы оқушы өлімімен аяқталған төбелес кезінде он бес бала болған. Жоғары сыныпта оқитындар кішілеріне әлімжеттік жасаған. Әрі бұл жағдай бірнеше жыл бойы жалғасып келген, - дейді марқұмның туыстары. Бұл мәліметтерді қаза болған он төрт жастағы Нұржанның әпкесі айтып берді. Оқиға 2-қыркүйекте, кешкі мезгілде ауыл сыртындағы мына ескі моншаның аумағында болған. Жоғары сынып оқушылары тоғызыншы сыныпта оқитын балаларды осы жерге әкеліп ұрған.
Аяжан Сыдықова, марқұмның әпкесі:
Бойы ұзын, ірі болатын. Әрқашан өзінің сыныптастарын қорғап жүретін, ударларды өзіме алам деп. Сол кезде балалар айтыпты, естіп жатырмыз, Нұржанды қаттырақ ұрыңдар деп.Соның ішінде кандидат мастер спорта бар екен. Өмірге керек органдарына соққы тастап, менің інімді өлімге қиыпты. Ең сорақысы он бес бала бола тұра менің інімді далаға, өлім аузына тастап кете қойыпты.
«Төбелеске қатысқандардың бес-алтауы мұғалімдердің балалары, олардың тамыр-таныстары көп болғандықтан жауапкершілікке тартылмай қала ма» деп алаңдайды әпкесі. Сондықтан істің әділ тергелуін талап етеді. Облыстық прокуратура өкілдері оқушы өліміне қатысты үш жасөспірімнің қамауға алынғанын хабарлады. Ауданға арнайы комиссия жіберілді. Қайғылы оқиғадан кейін мектеп директоры қызметінен босатылды.
Жақсыбек Кемал
