Алматыда жас мамандар жалдамалы пәтерге қол жеткізе алмай жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жас мамандар жалдамалы пәтерге қол жеткізе алмай жүр

04.09.2024

Алматыда мемлекеттік бағдарламаға қатысқан жас мамандар тиесілі жалдамалы пәтеріне қол жеткізе алмай жүр.

«9 ай күтіп, төзіміміз таусылды» деген олар, былтыр желтоқсан айында әкімдік ұйымдастырған «Алматы жастары» бағдарламасына қатысып, 1-2 айдан соң пәтер кілтін алуы тиіс болған. Алайда, әлі баспаналарына кірмеген. Солардың бірі – Әлия Мұратқызы. Мемлекеттен жеңілдікпен берілген бір бөлмелі пәтеріне қоныстанатын күнді асыға күтіп жүр. Себебі, жас маман қазір қыруар қаржыға баспана жалдап тұруға мәжбүр.

Әлия Мұратқызы, жас маман:

9 ай бойы тезірек пәтерімізді алсақ деп армандап жүрміз. Келсек, әртүрлі жағдай айтады. Біресе программист жөндеп жатыр, біресе ЦОН-да дұрыс тіркемеген дейді, содан кешіктіріп жатырмыз дейді. Біз апта сайын барамыз.

Ал әкімдік өкілі жалдамалы пәтерлердің берілмеуіне бірнеше себеп бар дейді. Көбісі баспаналардың құжатына қатысты. Дегенмен, жалдамалы пәтерге ие болған жас мамандардың мәселесі жақын арада шешіледі деп сендірді.

Елжас Бәйкен, қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының бөлім басшысы:

Үйлерді қабылдау актісі бойынша сұрақтар болды. 2024 жылдан бастап электронды болғандықтан, құжатты дайындау кезінде кедергілер болды. 1348 адам кілтін алды, 752 адам қалды, қыркүйектің соңында алады.


Жазира Оразқызы


Хабарламаларға жазылу