Халықаралық штаб АЭС салуды қолдап отыр
Құрамына 6 саяси партия мен 250-ге жуық өкілі бар 20 республикалық қоғамдық бірлестік өкілі кірген Халықаралық штаб АЭС салуды қолдап отыр. Мәжіліс спикері, «Amanat» партиясының төрағасы – Ерлан Қошановтың жетекшілігімен өткенде жиында, АЭС-тің ел экономикасына тигізетін пайдасы талқыланды. Отырысқа қатысқандардың айтуынша, АЭС елдегі энергетикалық тапшылықты жойып, ірі өнідіріс орындарының ашылуына сеп болады. Ғалымдардың пайымдауынша, алдағы 10 жылда ел тұрғындарның 30 пайызы жарықсыз қалуы мүмкін. Сондықтан қазірден бастап әрекет еткен жөн.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
Бүгінгі таңда энергетикалық тәуелсіздік алдыңғы қатарға шығып отыр. Өйткені энергия – экономикамыздың күре тамыры. Қазірдің өзінде елімізде энергия тапшылығы айтарлықтай сезілуде. Электр энергиясын көрші елдерден импорттауға мәжбүр болып отырмыз. Бізге осы түйткілдердің бәрін шешуге таза, тұрақты, қауіпсіз, сарқылмас қуат көзі керек. Оны АЭС қана бере алады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Гамма-пышақ: Орталық Азия аймағындағы жалғыз аппарат тек Қазақстанда бар
26.10.2025, 20:37
Креативті индустрия: Таланттарды қолдау тетігі іске қосылды
26.10.2025, 20:25
Трамп Ресейге қарсы санкциялар қабылдады
26.10.2025, 20:05
Мәжіліс 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қабылдады
26.10.2025, 20:02
Президент: Конституцияға бірқатар өзгертулер енгізіледі
26.10.2025, 19:55
Егемендік декларациясының қабылданғанына 35 жыл
26.10.2025, 19:51
Қ. Тоқаев «Орталық Азия - АҚШ» саммитіне шақырғаны үшін АҚШ Президенті Д. Трампқа алғыс білдірді
26.10.2025, 19:47
«Қайрат» футбол клубы Қазақстан чемпионы атанды
26.10.2025, 19:46