АЭС құрылысының салыну барысын халықаралық ұйымдар бақылайды
Қазақстанда атом электр стансасы салынатын болса, оның құрылысы мен қауіпсіздігін түрлі халықаралық ұйымдар бақылайды. Оған қоса станцияның қуаттылығына байланысты ең озық технология қолданылады. Ал оның құрылысы аз дегенде 10-15 жылға созылады. Осы аралықта еліміз шетелдік әріптестерімен бірге қажетті мамандарды да даярлап үлгереді. Ол мамандар қазір әлемнің әр елінде жұмыс істеп тұрған реакторлардың тәжірибесімен таныса алады. Бұл қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға негіз болмақ. Атом саласын зерттеп жүрген мамандар бүгін Өскеменде бас қосып, экологиялық қауіпсіздік мәселесін талқылады.
Тоғжан Тоқтағанов, экологиялық қауіпсіздік орталығының ғылыми қызметкері:
Проценттік қарым-қатынаспен алып келетін болсақ, барлық атом электр стансалары реакторларынан 2 пайыз ғана апаттар болады. Ол 2 пайыз жақсы сабақ болды және де қауіпсіздік шараларын жоғарылатуға жақсы көмектесті. Егер де Қазақстанда АЭС салынса, осы халықаралық нормалар мен стандарттарды қолданып салынғанда, онда Қазақстанда электр энергияның тапшылығы болмайды.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан шахматшылары бесінші рет жеңіске жетті
21.09.2026, 17:38
Түркістан облысында бұқаралық спортқа ерекше көңіл бөлінген
21.09.2026, 17:33
Астанада Олимпиада жүлдегерлері ағаш екті
21.09.2026, 17:30
Биыл ШҚО-да 6 млн-нан аса көшет еккен
21.09.2026, 17:27
Халал өнім өндірісі мен экспорты артып келеді
21.09.2026, 17:25
Нобель лауреаты қазақ оқырмандарға үндеу жолдады
21.09.2026, 17:22
Ел жаңалықтарына шолу
21.09.2026, 17:20
Қарағанды өңірінде 8 өрт сөндіру бекеті іске қосылған
21.09.2026, 17:17